Меню KDT
МЕНЮ

«Археология және этнопедагогика» кафедрасының аға оқытушысымен кездесу жақсы өтті.



22.02.2018 ж. күні Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық Университетінің «Археология және этнопедагогика» кафедрасының аға оқытушысы Кенжебек Дүйсебайұлы Жылқыбаевпен кездесу өтті. Бұл іс-шара Астана қаласының Білім басқармасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жоспары негізінде ұйымдастырылды. Балаларға бағдарламаны түсіндіруге кәсіби мамандардың көмегіне жүгіну құрметіне ие болғанымыз үшін Астана қаласының әкімі А.О.Исекешевке алғысымызды білдіреміз! Жасөспірімнің рухани дамуына үлесімізді қосқанымыз №64 мектеп-лицей ұжымын толғандырғаны анық. Осындай кездесулер жастарға жақсы әсер ететініне көзіміз жетті. Оқушылар сұрақтарын қойып, әртүрлі тақырыптар қамтылды. Шара  жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.

 


22.02.18