Меню KDT
МЕНЮ

«Ұлттық код- рухани жадымыз» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті.



«Болашаққа бағдар:     Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында  «Ұлттық код- рухани жадымыз» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты:  «Мәңгілік ел» болып қалу үшін тамыры тереңге жайылған ұлттық болмысымызды сақтауға, қорғауға, қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу; жас ұрпақ санасына ұлттық тәрбие бере отырып, туған елге деген махаббат сезімін ояту;  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы идеяларды жүзеге асыру болды.

Іс-шараның құрметті қонақтары:
1.Әнші, продюссер,философия ғылымдарының докторы, Құрмет орденінің иегері Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов
2.Астана Білім Ордасы академиясының директоры, филол.ғ.к., доцент  (PhD доктор) Ұлан Еркінбай; 
    3.Балалар жазушы, ҚР үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,Ұлттық Академиялық кітапxанасының  ғылыми xатшысы, алаштанушы, филология магистрі Елдос НүсіпұлыТоқтарбай;  
4. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Тұлпар» сыйлығының ең үздік актриса атағының иегері, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың актрисасы Алтынай Нөгербек; 
5.Тележүргізүші, «Хабар» телеарнасының жаңалық қызметіндегі директоры - Нұрсұлтан Құрман  келіп, оқушылары мен ата-аналармен  қатысты. Оқушылар мен қонақтар дөңгелек үстелде өз ойларын  ортаға салып,  рухани жаңғыруға өзіңнен баста деп қорытындыға келді. Əр саланың өкілдері жастарға  тағлымы мол құнарлы сөздер  айтып, пікір алмасты.  Оқушылар сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді . Дөңгелек үстелге 63, 37, 73 мектептерден оқушылар мен мұғалімдер келіп, өз сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді. Мектеп директоры Рауза Аксеитовнада өз пікірін білдіріп, жастарға ұлттық құндылықтарды бағалап, мәдени шараларға қатысып,  ұлттық əдеп-ғұрыптарды жаңғыруға шақырды және қонақтарды алғыс  хатпен марапаттады. Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде өтті.
 

   




14.02.18