Меню KDT
МЕНЮ

Әбіш оқулары



    2017 жылдың 22 желтоқсаны күні № 64 мектеп-лицей оқушылары «Астана дарыны» орталығының ұйымдастырылуымен өткен  Республикалық Әбіш оқуларының іріктеу кезеңіне қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл шара ҚР Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі қазақ қоғамы өміріндегі түрлі саяси өзгерістерге қоғамдық санамызды қалыптастыруға күш салған қаламгердің бірі Әбіш Кекілбаевқа арналды.  Ереже бойынша Әбіш оқулары 4 бағытта өткізілді. Мектебіміздің оқушылары 4 бағыт бойынша да өздерінің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын көрсетіп, жазушы мұрасы бойынша білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарды жеңіп алды.

    1-бағыт , Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы бойынша қатысқан Айкимбаева Диана (жетекшісі Шотпаева А Б ) Гран-при иегері атанып, республикалық сайысқа жолдама алды. 2-бағыт , Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы бойынша Дәрменқызы Айнәр (жетекшісі Шотпаева А Б )2-дәрежелі дипломмен марапатталды. 3-бағыт, Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы бойынша қатысқан Абылайқызы Камила да(жетекшісі Адыльбаева Г С  ) 2-дәрежелі диплоға ие болды. 4-бағыт, Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым  байқауы бойынша қатысқан оқушылар: Тақтанов Бекзат, Сейіткамал Гүлназ, Мейрам Ерқанат, Бигембаев Дінмұхамбет және Төлеу Оңталап (жетекшілері Табыспаева Ж А.,  Шотпаева А Б.,  Адыльбаева Г С  ) – жазушының «Абылай хан» драмасынан дайындаған үзінді қойылымдары үшін  2-дәрежелі Дипломмен марапатталып, мектеп абыройын асырды.  Байқауға қатысқан оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, өнерлері үстем болып, әрқашан биіктерден көрінулерін тілейміз.

 


23.12.17