Меню KDT
МЕНЮ

«Жыр менің жалғыз тарланым, аялап өтер ардағым!»



    «Жыр менің жалғыз тарланым, аялап өтер ардағым!» атты Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісінің»  иегері, «Парасат» ордені, Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкері,  Қазақстан Парламенті  Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы, халқымыздың аяулы ақыны, күні кеше өмірден өтсе де есімі, жауһар жырлары әр қазақтың көкірегінде сайрайтын Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші өтті. Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, халық аузында жүрген әндері шырқалды. Аталған кешке оқушылармен қатар ұстаздар да белсене ат салысты. Фаризаның отанына деген, табиғатқа, достарына арналған, махаббат туралы өлеңдерін оқып, жас ұрпаққа Фариза ынның өлеңдерін насихаттай білді.   Сахнада «Жайықтын толқындары», «Достар», «Жақсы көру»,«Білмеймін» әндері шырқалды. Ақынның жырлары тыңдаушылардың көңілін қозғап, деректі бейнефильмдер көрсетілді. Жалпы, Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші жоғары деңгейде өтті.


14.12.14