Меню KDT
МЕНЮ
logo.png?_=1583829163

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ-МЕКТЕП МАҚСАТЫ
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ


«Бірінші сынып оқушыларының табысты бейімделуіне жағдай жасау»
Сілтемені басыңыз

«Бесінші сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері»   

Сілтемені басыңыз
Құрметті мұғалім!

Қашықтықтан оқыту дәстүрлі формадан ерекшеленеді және Сізден қосымша дағдылар мен іскерлікті талап етеді. Сіз үшін оқу үрдісінде өз қызметін ұйымдастыруға көмектесетін жұмыстың техникалық дағдылары бойынша әр түрлі материалдар мен ұсыныстар әзірленді, бірақ қашықтықтан оқытудың  құрамдас бөлігі  ретінде эмоционалдық жағдай  өте маңызды рөл атқарады.  Өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:

- менің оқушыларымды неге үйреткім келеді, олар қандай оқу нәтижелеріне жетеді?

-оқушылар бұған қалай үйренеді, яғни олар білімді меңгеру барысында табысты нәтижелерге қалай қол жеткізеді?

-осы мақсатта мен оларға қалай қолдау көрсете аламын, оларға оқу нәтижелеріне қол жеткізуге және оларға қол жеткізгенімді білуге қалай көмектесемін?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, бірінші кезекте Сіздің психологиялық көңіл-күйіңіз маңызды екенін ойланыңыз. Өз оқушыларынызды қашықтықтан оқытуда нәтижелі оқу  үрдісіне қалай ынталандыруға болады? Сенімділік, ұстамдылық және тыныштық келесі ұсынымдарды ұстанса, мақсатты және нәтижелі әрекет етуге мүмкіндік береді:

-егер жұмыс уақытында  бірден  нәтижелі шықпаса, өзіңізді жағымды  және жақсы нәтижеге реттеңіз, сіз үйренесіз және уақыт өте келе бәрін меңгересіз, ең бастысы тыныштықты сақтаңыз, мазасызданбаныз, уайымдамаңыз.

-сіз  оқушыларыңыздың  сұрақтарының  көп болатынына дайын болуыңыз керек және бұл қалыпты, бұл олардың оқуға деген ынтасы мен оқу материалын түсінуге ұмтылысын білдіреді.

-балалардың оқу бойынша сұрақтарына шыдамдылық танытуға және түсіністікпен қарауға тырысыңыз.

-оқу барысында Сіздің қолдау және мотивация сөздеріңіз балалар үшін өте маңызды, есте сақтаңыз және оқушыларда жағымды эмоциялар туғызуға тырысыңыз.

-«Егер саған жаңа материал түсінікті болмаса, оны қайтадан мұқият зерттеп ал», «түсінікті емес болса қайталап  сұра», «саған  зейін  қою қиын болса, алаңдама,  мазасызданба, жай  тыныштал, содан соң тапсырма бойынша жұмысты жалғастыра бер»,  «Сен тырысатын болсаң, онда сенде  бәрі  сәтті шығады!» деген қарапайым фразаларды пайдалана отырып, оларды ынталандыруды ұмытпаңыз!

-мұндай жұмыс барысында Сіз бірінші уақытта қосымша жүктемелерге, компьютермен  техникалық қиындықтарға тап болуыңыз  мүмкін, сондықтан шыдамдылық  танытыңыз.

 -сіз жұмыс істеген кезде, отбасыңыздың үй мүшелерінен Сізге кедергі жасамауды және алаңдатпауды сұраңыз, сондай-ақ компьютермен жұмыс істей отырып, өзіңізді артық салмау үшін демалу үшін үзіліс жасаңыз.

-сынып жетекшісі ретінде, оқушылардың ата-аналарымен байланыста болыңыз, оқу үрдісінде сіздің оқушыларыңызда туындауы мүмкін кедергілер мен мәселелерді бірге талқылаңыз, оларды шешу жолдарын табуға тырысыңыз.

-оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету өте маңызды.

-нақты уақыт тәртібінде оқушылардың жұмыс үрдісін бақылау конструктивтік кері байланыс арқылы болады, ол біздің оқушыларға жаңа білімді меңгеруге неғұрлым дербес,  жауапты, дәлелді және мақсатты болуға мүмкіндік береді.Құрметті ұстаздар, өз ісіңізді, балаларыңызды жақсы көретіндіктен  педагог мамандығын таңдағаныңызға біз сенімдіміз, сондықтан да осы оқу формасында сіз табысқа жетесіз!

 

Психологиялық денсаулықты сақтау бойынша мұғалімдерге арналған жадынама

 

Қашықтықтан оқытуға көшкен кезде педагог энергетикалық, физиологиялық артық жүктемелерді бастан өткереді. Осыған байланысты шаршау пайда болады, тепе-теңдік бұзылады, ол эмоциялық күйзеліске  әкеп соғады.Денсаулық сақтау мәселелері бойынша педагог құзыреттілігінің құрамдас бөлігі- өз денсаулығын сақтау және эмоциялық күйзеліс синдромына қарсы әсер ету, денсаулықты сақтау тәсілдерін тиімді қолдану және өз оқушылары үшін денсаулық сақтау ортасын құру болып табылады.

 

Эмоциялық күйзеліс кезеңдері:

 

  • Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі;
  • Жалғыздық кезеңі;
  • Эмоцияналдық сарқылу, соматизация;
  • Жұмысқа деген қызығушылықтың жоғалуы;

 

Кәсіби күйзеліс синдромымен кездесуден қалай сақтану керек

 

  • Өзіңізге мұқият болыңыз: бұл сізге шаршаудың алғашқы белгілерін уақытында байқауға көмектеседі:
  • Өзіңізді жақсы көріңіз немесе кем дегенде өзіңізді ұнатуға тырысыңыз;
  • Сіздің қажеттіліктеріңізге, икемдеріңізге және мүмкіндіктеріңізге сәйкес істі таңдаңыз. Бұл сізге өзіңіздің күш-қуатыңызға сенуге көмектеседі.
  • Басқалар үшін өмір сүруді доғарыңыз. Өтінемін өміріңізді. адамдардың орнына емес қойып емес,  олармен бірге болығыз!
  • Әр күннің оқиғаларын байсалды түсінуге үйреніңіз. Кешке қайта қарауды дәстүрге айналдыруға болады.
  • Егер сіз шынымен біреуге көмектескіңіз келсе немесе біреудің жұмысын жасағыңыз келсе, өзіңізге сұрақ қойыңыз: ол оған шынымен керек пе? Немесе оны өзі шеше алатын шығар?

 

Кәсіби күйзеліс синдромының алдын алу шаралары

 

  • Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау;
  • Қажетсіз бәсекелестіктен аулақ болу;
  • Эмоционалды қарым-қатынас
  • Физикалық қарым-қатынасты сақтау;
  • Уақытымен жұмыстан бас тартып, демалу;
  •  Өзін-өзі реттеу дағдыларын игеру;
  • Біліктілікті арттыру және өзін-өзі жетілдіру
  • Жүктемелеріңізді қарап , бөліп жасауға тырысыңыз
  • Бір әрекеттен екіншісіне ауысуды үйреніңіз
  • Жұмыстағы жанжалдарды жеңуге оң көзқараспен қараңыз;
  • Бәрінде жақсы болуға тырыспаңыз;
  •  Есіңізде болсын, сіздің эмоцияларыңызды басқару саналы бақылауға негізделген;
  • Үнемі өзін-өзі сынға алумен айналыспаңыз, бұл одан сайын «өзін-өзі тануға » әкеледі;
  • Мазасыздықтан ең жақсы құтылу - өзіңе деген сенімділік!

Емтихан нәтижесі жайындағы толқуларды жеңу

  Оқушы, ата-ана, мұғалім емтиханнан күтілетін нәтижеге байланысты өздерінің күмәнді, жағымсыз ойларын өзгертіп, жақсылыққа, қуанышқа бағдарланған ойларға бойларын үйрету керек. Мысалы, оқушы: « тапсырмалар дұрыс құрылмайды», «барлық материалды дайындап үлгере алмаймын»; ата-ана: «осыны кім шығарды екен?», «бұрынғы кезде жақсы еді», «балам шаршап, қиналатын болды»; мұғалім: «бұл бала емтиханнан қалай өтеді?», «менің пәнімді емес, басқаны неге таңдамайсың?» деген ойлар мен ұстанымдарынан арылуы керек. Мұндай ойларын іштей ауыздықтағаны дұрыс. Есесіне, оқушы «мен тырысып, еңбектенемін»; ата-ана: «бұл баршаға қойылатын талап қой», мұғалім: «мен көмекке әрқашан дайынмын» деген сияқты ерік-жігерге тосқауыл болмайтын ниет-тілекте болғаны абзал. Себебі адам бір нәрсеге теріс баға берсе, соған қатысты оның жан дүниесін жағымсыз эмоция жайлап алады. Жағымсыз эмоция — зияткерліктің танылуына, есте сақтауға, зейінді шоғырландыруға, тіпті тапсырмалардың мазмұнын түсінуге үлкен кедергі келтіреді.

Емтиханды жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға емтиханға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар:

 

Психологтың жоғары сынып оқушыларын емтихан алдында дайындау жөнінде ұстаздарға ұсынылатын кеңестері:

•жоғары сынып оқушыларына дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

 

•жоғары сынып оқушыларын емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз;

 

•тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуін үйретіңіздер;

 

•жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарлатыңыз;

 

•Емтихан алдынада жоғары сынып оқушыларына қобалжуды көтермеңіздер. Бұл жұмыс нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін;

•тестілеу алдында және одан кейін жоғары сынып оқушыларына ашу байқатпаңыз;

 

•есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – жоғары сынып оқушыларында емтиханға байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.

 

  Баланың тек кемшілігі туралы айтпаңыз.

  Бағаны жазалау үшін қоймаңыз.

 Мұғалімнің жоғары талап қоюшылығы- дауласудың бір себебі.

 Әрдайым сәтсіздіктен бала ашуланшақ болады.

Оқушының сәл жеткен жетістігіне қолдау көрсетіңіз.

 Бірінші ішкі сенім мен мотивацияны туғызыңыз.

  Көрнекілік құралдарын көп қолдану.

  Сынып  татулығын  қалыптастыру.

  Баланың үлкен досына айналу.

 Өзіндік бағаны   көтеру.

 Мазасыздық деңгейін   төмендету.


Психологиялық тренинг тақырыбы:           «МҰҒАЛІМ  БЕЙНЕСІ»

Көрнекілік құралдар:  интерактивті тақта, доп, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, фламастерлер, шарлар

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынана келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.

Тренинг ережесімен таныстыру.

 1.Өз ойын ашық айту.

 2. Өзгенің пікірін құрметтеу.

 3. Шынайылық.

 4. Белсенді әрекет ету.

 5. Өз сезімін басқара білу.

 6. Уақытпен санасу.

№1 жаттығу. .  І. Сәлемдесу:  «Көрші»-1 минут

Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын орындайды.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып қараңыз.

Туыс адамды көрген кездегідей амандасыңыз

Біреуден қарыз болғандағы кісін көргендей амандасыңыз

Көп уақыт көрмеген досыңызды көргенде                                                                 

Бастықты көргенде.

Рефлексия. Жаттығудан алған әсері туралы ой бөлісу.

№2 жаттығу. «Өзіндік таңдау»

Қатысушылар орындарына жайғасып, бір-бірден берілген сөйлемдерді өз ойынша аяқтайды.

  1. ойымша  мен...
  2. мені...
  3. келешекте...

№3 жаттығу. «Бала»

Әр қатысушы түсінік береді: «Бала дегеніміз – ол ...».

№4 жаттығу. «Ырғақты тоқтату».

Қатысушылар арасынан бір мұғалім ролінде ойнайды, қалғандары тәртәпсіз оқушылар. Оқушылар сыныпта шулап, мұғалім 5 минут ішінде сыныпты тыныштандыру керек. Немесе қатысушылардың әрқайсысы өз тәжірибесімен бөліседі.

№5 жаттығу. «Баға қою».

Қатысушылар шеңберге тұрады. Арасынан біреуі мұғалім, қалғандары оқушылар болады. Мұғалім роліндегі қатысушы негативті бағаны (екіні) бір оқушыға қоюы керек. Содан кейін, позитивті баға «бес» қоюы керек. Қалған қатысушылар мұғалімнің сол кездегі интоннациясын, эмоциясын қалай келтіргендігін, қандай сөздер айтқандығын бақылайды. Бұл рольде әрбір мұғалім болып көруі керек.

Психолог кеңесі: Оқушыға негативті баға қою кезінде мұғалім балаға деген өзінің қатынасын білдіру керек және сол баланың ертеңгі күні жақсы оқитындығына сенімділігін көрсету керек. Мысалы: «Өкінішті-ақ, Дина. Бүгін менің саған екі қоюыма тура келді. Сен өте қабілетті оқушысын. Алдағы уақытта бүгінгі бағаңды түзетесін деп ойлаймын».

Оқушыға позитивті баға қою кезінде мұғалім баланың оқуға деген талпынысын бекіту керек. Мысалы: «Жарайсың, сен бүгін бес алдың. Осы жолыңнан тайма».

№6 жаттығу «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.

Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

  «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

   «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

 «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.

Мұғалімдер  өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың мұғалімдері, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

№7 жаттығу. «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөздер.

Қатысушылар шеңберге тұрып, нұсқаулықты тыңдайды: «Бір-екі  айдың  ішінде егер де Сізді қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл шарды алып «Жұмыста  соңғы  кезде мені  қуантқан...» деген  сөйлемді  аяқтау  керек, ал  егерде  ренжіген  сәттеріңіз  басым  болса, «Жұмыста  соңғы  кезде  мені  ренжіткен...»  қызыл  шарды   алып  осы  сөйлемді  аяқтау  керек.

 Рефлексия:

Не ұнады? Тренингтің қай жаттығулары өздеріңіз үшін пайдалы деп таптыңыздар? Бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін  3 сөзбен ғана  білдіреді, тілектерін айтады.

Тақырыбы:  Бақытты адам – өмірде өз орнын (мамандығын) тапқан адам.

Мақсаты: мұғалімдерге бейіналды сыныптардағы оқушылардың   шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,  кәсіби бағыт алуына басшылық жасаудағы  рөлінің маңыздылығы туралы ақпарат беру.

Қатысушылар: бейіналды сыныптардың мұғалімдері.

Құрметті әріптестер, бүгінгі «Бақытты адам – өмірде өз орнын (мамандығын) тапқан адам» тақырыбындағы семинарға ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.

Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

  1.  «Оқушыларыңыздың болашақта бақытты адам болуы үшін олардың мамандық таңдауына қалай көмектесесіз?»

Әр бір мұғалімге «Оқушыларыңыздың болашақта бақытты адам болуы үшін олардың мамандық таңдауына қалай көмектесесіз?» тақырыбы бойынша берілген қағазға схема ретінде түсіріп, мазмұнын талқылау тапсырылады. Талдау жасалынады.

  1.  «Оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіндегі менің рөлім»

Мұғалімдер оқушылардың мамандық таңдау бойынша бағыт берудегі өздерінің атқаратын рөлдерімен, ерекшеліктерімен, қолдауларымен таныстырып өтеді.

  1. Жағдаяттарды талдау.

1)    Сізден оқушыңыз «Болашақта ғарышкер болуым үшін қандай қабілетім болуы керек, не істеуім қажет?»-деп, сұрады. Сіздің кеңесіңіз...

2)    Болашақта заңгер болғысы келген оқушы барлық заңдарды жатқа біледі, ол салаға деген қызығушылығы да жоғары, бірақ, ата-анасы оған «Сен дәрігер боласың, заңгер боламын дегенді аузыңа да алма!»-дейді, сіз бұл жағдайдан хабардарсыз, балаға қалай көмектесесіз?

3)    Оқушыңыз сізге келіп, беделді ЖОО-на грантқа түсу үшін қандай мамандық таңдауға болады деп сұрады. Жауабыңыз.

4)    Сізден оқушыңыз болашақта аудармашы маманы болу үшін көмектесуін сұрады, ол оқушы шет тілін жақсы білмейді, тіл игеру қабілеті де жоғары емес, қалай көмектесесіз?

  1. Бақытты адамдар қандай болады?

 1.Бақытты адамдар күнін алғыс айтудан бастайды.Олар жарқын таң үшін, сәулесін шашқан жарық күн үшін, жақын достары үшін Аллаға алғыс айтуды ұмытпайды.Бақыттылар адамдардың жақсылығына шын жүректен алғыс айтады.

  1. Күлкі-бақыттылардың белгісі, күлкі бақытты адамдарды одан әрі сұлуландырады.Тіпті, күлкі керемет көңіл-күй сыйлайды.(сізге кішкене нәрестенің күлкісі бақыт сыйламай ма?)
  2. Оларға басқалардың не ойлайтынына бас қатырып отыратын уақыт жоқ, мұндай ойлар адамның өзін еркін әрі бақытты сезінуіне кедергі келтіреді.Өзін басқалармен салыстыру дұрыс емес, әркімнің таланты мен мүмкіншіліктері әр түрлі...
  3. Әрі «не істесек те, жақсылыққа»  дейді сенімді  түрде.Менің ойым: «Бізді қоршаған адамдар біз үшін-ұстаз»Олардың әрқайсысы бізге бір нәрсені үйретеді: сабырлылықты, ұстамдылықты, адалдықты, әділдікті, мейірімділікті.
  4. Сүйікті іс ешқашан көңіл-күйді түсіріп, бақытсыз қылған емес.
  5. Бақытты адамдар кешіре біледі!
  6. Бақытты адамдар алдына нақты мақсат қоя біледі.
  7. Бақытты адамдар бүгінгі күннен рахаттанады.
  8. Бақытты адамдар көбінесе «иә» деп жауап береді.
Рефлексия