Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

Құрметті ата-аналар! 

Төменде Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар туралы ақпарат берілген. 
  1. Мектеп формасының түсі - қара-көк (Астана қаласы бойынша) 
Ескерту: бірінші сыныпқа баратын оқушыларға қара-көк түсті форма алынады. Ал басқа сыныптарда оқитын балалар бүгінгі таңдағы бар формасын киіп, ол форма тозғаннан соң осы қара-көк түсте форма сатып алынуы керек. Яғни, мектеп формасын кезең-кезеңмен біркелкі қара-көк үлгіге сай келтіру жоспарланып отыр. 
  1. Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болуы қажет. 
  1. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі.

      4. Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес. 
  1. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. 
  1. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет) жоғарғы бөлігінде орналасады. 
  1. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады. 
  1. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 75-85% табиғи маталар (және т.б. мақта, жүн,) және киімнің мыжылын болдырмау мақсатында синтетикалық қоспалардың 15-25% бар маталар ұсыналады.