Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ


Математика пәні бірлестігінің 1-ші жарты жылдық есебі 2018-2019 оқу жылы

(сілтемені басыңыз)


Математика пәні бірлестігі 2018-2019 оқу жылы




МИФ  апталығы  18.02.2019 – 22.02.2019ж

Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні жоспарланған  бағытта  жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Физика пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Әр күн сайын үлкен үзілісте жоспарланған тақырыптары бойынша оқушылармен сабақтан тыс жұмыстарын өткізді.  Атап айтсам:  физика пәнінен 18.02.2019 жылы екінші қабатта «Физика қиын,ашиды миың» Ол кім, Бұл не ? іс- шара ұйымдастырылып көптеген оқушылар қатысып, бір кісідей ат салысып, физика жайлы көптеген мағұламаттар алды  физика пәні мұғалімдері Талканбаева К.А., Мырзақұлов А.Ә, Мурзаева А.Б  және Курманбекова А.К әр баланың физикадан бағдарламаны жете меңгеруімен қатар шығармашылық ізденісінің де дамуынына жол ашудың әдіс-тәсілдерін жоғарғы дәрежеде таныстырды.






«Инновация – нақты ғылымдар жетістігі»

 

 тақырыбындағы  физика информатика және информатика пәндері апталығының қорытынды есебі.

 

     Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры»  деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән-математика,физика және информатикаға бағытталған.Сондықтан да  биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да  барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын  арттыруға бағыттадық.

 

Апталықтың тақырыбы, мақсаты ,міндеті, жоспары бекітіліп, мектеп дәлізіне ілінді. Мектеп әкімшілігіне , бірлестік жетекшілеріне және бірлестік мүшелеріне апталық жоспары  таратылды.

Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні жоспарланған  бағытта  жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Атап айтсам: 

Ал  математика, физика және информатика пәні мұғалімдері де ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарын және апта бойы үлкен үзілісте өткізілген іс-шаралар өмірмен тығыз байланыстырып, қызықты тәжірибелер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар,  пәнге байланысты әндер де айтып, оқушылардың физика, математика және информатика пәндеріне қызығушылықтарын арттыра түсті.