Меню KDT
МЕНЮ
logo.png?_=1576047293

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

Нұр- Сұлтан қаласы, № 64 мектеп-лицейінде 16 қаңтар күні «Бұрымды қыз» заманауи көзбен атты байқау 


Нұр- Сұлтан қаласы, № 64 мектеп-лицейінде 16 қаңтар күні «Бұрымды қыз» заманауи көзбен атты байқау аясында  «Мектеп үлгісіне сай жинақы шаш үлгісі» деген атаумен шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағат барысында арулар шаш өрімнің түрлі үлгілерін көрсетіп,өз жұмыстарын қорғады. Ұйымдастырушылар шашқа қатысты қазақ салт-дәстүріне сай ырым-тиымдарды оқып, шаштың ерекшелігі, қыздардың әдеп-тиымдары туралы құнды ақпараттар айтты. Шеберлік сағатқа мектебіміздің 8,9 сынып оқушылары қатысты. Бүгінгі шараның басты мақсаты мектеп үлгісіне сай тез әрі жинақы шаш үлгісін көрсету және мектеп оқушыларының сабақ барысында шаштарын жайып жүрудің алдын алу болып табылады.






Нұр- Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицейінде 20 қаңтар күні «Бұрымды қыз» заманауи көзбен атты байқауы аясында  «Мектеп үлгісіне сай жинақы шаш үлгісі» деген шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағат барысында арулар шаш өрімнің түрлі үлгілерін көрсетіп, өз жұмыстарын қорғады.
Ұйымдастырушылар шашқа қатысты қазақ салт-дәстүріне сай ырым-тиымдарды айтып, шаштың ерекшелігі, қыздардың әдеп-тиымдары туралы құнды ақпараттар берілді. Шеберлік сағатқа өткен аптада  мектебіміздің 8,9 сынып оқушылары қатысса, осы жолы 9,10 сыныптың арулары түрлі шаш үлгілерімен бөлісті.  Бүгінгі шараның басты мақсаты мектеп үлгісіне сай тез әрі жинақы шаш үлгісін көрсету және мектеп оқушыларының сабақ барысында шаштарын жайып жүрудің алдын алу болып табылады.



  





Қыз бала гигиенасы

Нұр-Сұлтан қаласы , №64 мектеп-лицейінде ай сайын қыз бала тәрбиесіне қатысты іс-шаралар өткізіп тұрады. Жеке бас гигиенасы қыз баланың өмірінде ең маңызды мәселе. Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі – тазалық. Осы орайда бой жетіп келе жатқан жеткіншектерге дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында 20-сыншы қаңтар күні мектебімізде геникологтармен кездесу өтті.