Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ
Астана қаласы №64 мектет –лицейінің Қамқоршылық кеңестің жарты жылдық есебі.

Құрметті ата-аналар, мектеп ұжымы!


         Қамқоршылық Кеңестің балаларымыздың сапалы білім алып, дені сау, білімді ұрпақ болып өсуі үшін мектеп ұжымымен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары көзге көрінбейтіндей ұсақ іс болуы мүмкін. Бірақ оның нәтижесі ауқымды. Мектеп ішіндегі шаралар, балаларымыздың сапалы тамақтануы, салауатты өмір салтын сақтауы үшін жасалып отырған мүмкіндіктер үлкен іс деп айтар едім.
         2018 жылдың қыркүйек айы мен желтоқсан айларында Қамқоршылық Кеңес мүшелері мектеп тынысын назардан тыс қалдырған жоқпыз. Мектеп директоры міндетін атқарушы Бану Әлімжанқызы бастаған топтың жұмысы, мектепте ашылып жатқан қосымша спорт секцияларының үрдісі қарқындап келеді. Мектеп тек білім берумен ғана шектелмей, балалардың бос уақытын да ұтымды пайдалануына жағдай жасап отыр. Мектепте 26 үйірме  балаларға тегін ұйымдастырылған. Сабақ кестесі мен жетекшілерінің байланыс үялы телефондарының нөмерлері  мектеп сайтында көрсетілген.
        Асхананы тексеруде өздеріңіз білесіздер өзіміз сияқты ата-аналардың күшімен, асхана мәзірі өзгертіліп отыр. Бала денсаулығына зиян тағамдар алынып тасталуда. Мектеп асханасы ата-аналардың қатаң бақылауында.
Брокеражды комиссия мүшелері аптасайын асхананы тексереді. 4 апталық ас мәзірі, тағамдардың бағалары мен ассортиментпен мектеп сайтында танысуға болады.
      Өртке қарсы қауіпсіздік шаралары,жаңа жылдық шырша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл орайда мен барлық ата-аналарға алғысымды білдіргім келеді. Жаңа жылдық мерекені мектеп қабырғасында өткізу туралы ұсынысты бірден қолдадыңыздар. Бізге мұны ұйымдастыру оңай болған жоқ, 5-6 ата ана мен мектеп ұжымы қолдан келгенді жасап, балалардың көңілінен шыға алдық деп ойлаймын. Ата-ананың қалтасы қағылмасын деп, эконом түрін жасадық. Оңай шаруа емес екен. Бағасы күйіп тұрған театрлармен келісу, сыйлық дайындау, шырша іздеу. Бірақ оның бәрін жасай алдық. Бұл біріншіден мұндай шараларды баяғыдай мектепте өткенін қаладық және балаларды тасымалдау мәселесінде қиындық болмауы үшін жасадық. Ол жайында толығырақ Айгүл Байжанқызы баяндап береді.
       Сондай-ақ, кеңестің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын қолдау комитеті бар. Қалима Сүлейменқызы бастаған кеңес мүшелері аз қамтылған отбасының балаларын «Астана Арена»  кешенінде өткен француздармен  футболға тегін апаруға демеуші тауып,20 жуық баланы апарып келді. Қазақстан құрама ойындарынан қазақша күрестен «Қазақ барысы» сайысына да тегін билеттер берілді. Оған жоғарғы сынып  барды.  
«Аяз атаға хат» акциясы өткізілді.
      Сондай-ақ, демеушілікпен мектебіміздегі мұқтаж балаларға жақында 8 пар жаңа аяқ киім, спортивка, киім-кешектер әкеп берді.
         Енді жаңа жылда жаңа жоспар, жаңа жұмыстар тұр. Бұл орайда да мектеп пен ата-ана бір болып жұмыс атқарамыз деп сенемін.
      Алда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы бар. Оны да мектеп ішінде барлық оқушылардың басын қосып атап өту керек. Бұл еріккеннің ермегі деп ойламаңыздар, мұндай шаралар ата-ана мен баланың басын қосады, мұғалімдермен қарым-қатынасты нығайтады. Ең бастысы балаларымыздың сапалы білім алуына жағдай жасау.  Мұндай жақын қарым-қатынас бала біліміне де оң әсер ететіні сөзсіз. Кеңес бұдан әрі де жұмысты жалғастыра береді.
Назарларыңызға рақмет!