Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

Бала құқығы туралы Конвенция

Бала құқығы не үшін қажет?
 
«… бала мини құқығы, мини сезімі немесе мини адам 
намысы бар мини адам емес. Олар кішкентай емес үлкен 
қорғанысты қажет ететін, толық құқықтары бар нәзік адамдар. 
Сол себептен, олардың психологиялық және дене тұтастығын 
қорғауға келсек, оларды назардан тыс қалдыруға болмайды»

Мод де Бер-Букуичо, Еуропалық Кеңесінің Бас Хатшы орынбасары

Осы Конвенцияның 1 бабына сәйкес бала - 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.
 
Бала құқығы - бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясында және басқа да құқық қорғаушы құжаттарда белгіленгендей әр бала қандай да айырмашылыққа қарамастан құқықтар мен бостандыққа құқылы.
Бала құқытары туралы БҰҰ Конвенция – бұл мемлекет заңды деп танитынбалаға қатысты тегіс қамти алатын міндеттер тізімі. Халықаралық шартты бекітіп, мемлекет онда қалыптасқан қағидаларды орындауға және берілген шартқа ұлттық заңдардың сәйкестігін қамтамасыз етуге міндеттеме алады. Конвенция адам құқығының кең үйлесімдігін қамтиды. Құқық бір жақтан азаматтық және саясаттық, екінші жағынана экономикалық әлеуметтік және мәдениеттік ретінде жүйеленеді.
 
БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды.
 
Қазақстандағы бала құқығының тарихы.
 
- 1994 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес Қаулысымен № 77- ХІІ «Бала құқықтары туралы Конвенция» бекітілу туралы.
- Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 117-ІІ «Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция» бекітілу туралы.
- Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 4 шілдедегі № 219-2 «Балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама»;
- Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 4 шілдедегі № 219-2 «Әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама» бекітілу туралы
- Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 10 наурыздағы № 531 «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ «ҚР бала құқығы туралы» (2006 жылғы 31.01. өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша)
- Қазақстан Республикасының Заңы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 97 «Азаматтық. отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция» бекітілу туралы.