Меню KDT
МЕНЮ
 Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №4 психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес
 
 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
№64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
 
Нашар көрушілер
нұсқасы

 

Қазіргі кезде еліміздің мектеп оқушылары "Қашықтықтан білім алу жүйесіне" көшкелі біршама уақыт өтті. Осы орайда біз 64 мектеп-лицейінің 6 "М" сынып оқушыларының ата-аналары мектеп əкімшілігі мен сынып жетекшіміз Шотпаева Алтынгүл Бахреденовнаға алғысымызды білдіргіміз келеді. Қашықтықтан оқыту форматына көшу хабарланғаннан бастап, мектеп əкімшілігі балалардың сапалы, толық, жан-жақты білім алуы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыныбымыздың жетекшісі Алтынгүл Бахреденовна және пəн мұғалімдері күнделікті балаларға байланысқа шығып, тапсырмаларды тиімді интернет желілеріндегі платформалар арқылы игертіп, кері байланыс жасайды. Сонымен қатар мектеп ұжымы балалар мен ата-аналардың қатысуымен өтетін онлайн жүйесінде қызықты байқаулар мен сайыстар, іс-шаралар ұйымдастыруда. Ондағы мақсат - балалардың уақытын тиімді жəне пайдалы ұйымдастыру. Əрине балалар таза ауада серуендеу, достарымен тілдесуді, ойын аланында ойнауды аңсап жүр. Дегенмен, бұл қиындықтан шығудың жалғыз жолы - карантин екендігін олар да түсінеді. Осындай күрделі кезеңде балаларымыздың сапалы білім алуына барынша еңбек етіп жатқан мектеп ұжымына зор алғыс білдіреміз. 6 "М" сынып ата-аналарының атынан Тусупбергенова Гулмира Сагындыковна

Сәлеметсіздер ме!  Қашықтықтан оқыту бізге әзірге қиындық туғызған жоқ.Бірақ бірінші сынып оқушысы болған соң баланың жанында ата-анасының біреуі қадағаламаса балаға қиын. Қашықтықтан оқу жақсы ой дегенге мүлдем келіспеймін. Себебі балаға ұстаздың түсіндіруі маңызды.Еркін сұрақ қойып,пікірін айтады,сыныптастармен ақылдаса алады. Мұғалімді көзбен көріп, партаға отырып, мектепте сабақ оқыған жақсы деп ойлаймыз. Елдегі төтенше жағдайға байланысты шыдауға тура келеді. Мен декреттегі анамын, балама уақыт бөле аламын. Ал жұмыстың қамымен жүрген кейбір ата- аналарға қашықтықтан білім алу қиындау.Біздің ойымыз осы. №64 мектеп-лицейі,  1"Г"сынып ата- анасы Акчанова Аяулым

Сәлеметсіз бе. Бізге  қашықтықтан оқу қиынға соққан жоқ. Түсінбегенімізді мұғалімнен сұрап, акылдасып, балаға тақырыпты жеткізуге тырыстық. Бала үйде болғандықтан, кез-келген уакытта күніне бірнеше рет кітап оқып  есеп шығаруға, қосымша материалдармен жұмыс жасауға мүмкіндік болды. Бірақ қашықтықтан оқудың  бір кемшілігі: бала өзін оқушы ретінде сезіне алмауында.Оқушы үшін мектепке барып оқудың маңызы зор.Сыныптастарымен араласып, мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын іс-шараларға белсене араласуы, қоғамға үйренуі үшін мектептің пайдасы өте зор. Алдағы уақытта қашықтықтан оқыту жүйесіне қарсымын. Өйткені балаға мектеп, қоғам, ұстаз,сыныптас дос қажет.
№64 мектеп-лицейі, Кучербаева Каламкас, 1  Г сынып ата-анасы

Қазақстан бойынша   мектептер қашықтан сабақ беру форматына ауысуына байланысты , 64 мектеп-лицейінде оқитын 4 сынып оқушысы Баяхметова Ақниет қызымның  сабағы осы форматта   басталды.Бас кезінде абдырып үйрене алмай біраз қиындықтар болды. Бәріміз үшін бұл - үлкен сынақ болды десек те болады, бірінші рет осындай форматта білім беріп жатырмыз.Дегенмен, Білім министрлігіне де алғысымыз шексіз, қиындық тудырмай, ата-аналар мен оқушыларға тиімді оқыту форматын ұсынды.Ұстазымыз  Каниева Нұргүл Абилакимовнаға алғысымыз шексіз,   қашықтықтан бақылауымен, тез үйреніп, меңгеріп алдық. Мұғалімдердің жұмысы екі есе көбейіп, тексеру мерзімі түннің ортасына дейін созылып кетті. Біз ата-аналар балалардың оқуын  қадағалап, қызымызбен әдебиет, жаратылыстану пәндерінен мәтіндерді оқытып , мазмұнын тыңдап жүрміз. Математикадан бірге есеп шығарамыз,  Баланың оқуына көңіл бөлуге, бірге оқуға уақыт табылып жатқанына қуанамыз бір жағынан.Теледидардан берілетін сабақ 10 минут қана, соны 20 минутқа математика, қазақ тілі сабақтарын ұзартса деген ұсынысымыз бар.Ақниетке ұнайды, теледидардан сабақ қарайды,  мектептегі мұғаліміміз электронды жүйе арқылы жіберген тапсырмаларын орындап уақытында жіберіп отырады. Өз бетінше оқуда жауапкершілікті сезініп, сабаққа деген ынтасы бар.Осы сәтті пайдаланып, баршаңызға  сабырлық, бірлік тілеймін.Еліміз қалыпты өмірге аман-есен оралуын тілеп, күтіп жүрміз.
4 сынып оқушысы Баяхметова Ақниеттің анасы Шарипова Орынбасар
 Қашықтықтан оқыту шетелдерде дамығанмен, біздің ел үшін әлі тың дүние.  Бізде коммуникациялық кеңістік әлі дамымаған, сондықтан көп қиындық кездесуі мүмкін. Менің ойымша оқушы мен оқытушы арасында бетпе-бет шынайы байланыс болу керек. Оны өзгертудің қажеті жоқ. Қашықтықтан оқу жүйесі білім беру сапасын нашарлатуы мүмкін. Әрине уақыт үнемдеуге ұтымды, жер аралап жүріп те оқи бересіз, қашан, қайда оқимын деп қиналмаймыз. Тек интернет байланысың жемісті болса болды. Алайда ұлағатты ұстаздың шәкірті болып, мектептен улап-шулап білім алуға ештеңе жетпейді.
 Хамитова Назым 1"Г"сынып ата-анасы. №64 мектеп-лицейі.


Құрметті Асель Слямшовна!!!!

Ардақты ұстаз!!!

 Шәкірттерінбілімнәріменсусындатып,

тәлім–тәрбиеберу, жақсықасиеттердібойынадарытып, адамгершілікрухтабағыт–бағдарберудееңбегізор.

Сағынышсазытолқытқан,

Арнамақсөздіңмәйегін.

Шәкірттеріноқытқан,

Келіптұржолдапсәлемін

Құттықтау сөзбенАрайлым:

                              Ақыл, білімкөпбердің,

                              Анамдайсыңмектебім

                              Онлайнсабақмеңгертіп

                              Уйретуденжалықпай

                              Сабағымдыбақылап

                              Бағалауменкелесін

                              Алғыстарымкөпменің

                              Асыланам–мектебім!

                               Ардақтаймынөзіңді

                     Асельапай - сізгеарнаймын👇

                                                М - мейірімді

                                                Ұ - ұлағатты

                                                Ғ - ғазиз

                                               А - ақылды

                                               Л - лайықты

                                               І - іскер

                                              М - маман

3 "И" сынып оқушыларының атынан! 

Қайырлы күн, құрметті №64 мектеп-лицейінің әкімшілігі!Өздеріңіз білетіндей, елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты балаларымыз наурыз айынан бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Бұл – отандық мектеп білім беру жүйесі үшін үлкен сын екені рас. Сол уақыттан бастап ұстаздар да, ата-аналар мен балаларда өздері үшін жаңа үрдіске бейімделіп келеді. Осыны ескере отырып, барлық ұстаздар қашықтан оқыту жүйесін ұстанған кезде орын алып жатқан кейбір қиындықтар туындаған сәтте сабырлық танытып, ата-аналарға барша көмек көрсетуде. Шыны керек, осы кезеңге дейін көп ата-аналар ұстаздардың жұмысының қаншалықты қиын екенін елестете алмаған.  Қазіргі таңда қашықтан оқыту жүйесінде ұстаздар мен ата-аналарға әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктелді, соның бәрін абыроймен іске асырып жатқан мұғалімдерге,  атап айтқанда, 3  "Ғ" сынып жетекшісі Алдешова Гульмира Белдібекқызына алғысымыз шексіз! «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары ұстаздар мен оқушылар арасындағы тілдесудің (Zoom, WhatsApp бағдарламалар арқылы сабақ түсіндіру, кейіннен оқулықпен жұмыс жасап, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау) оқу іс-әрекеті процесін қарастыра отырып, ұстаздарымыз зор еңбек атқарып келуде. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап ететінін ескере отырып, мұғалімдердің бағаланбас еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтамыз! 3ғ сынып оқушысы Орынбай Ануардың анасы

Нұр-Сұлтан қаласы 64-ші лицей мектебінің ұлағатты ұстаздарына, Ерекше Құрметпен Кулайим Жүнісалиевнаға алғыс білдіремін.Ұстаз деген ұлы ұғым адамзаттың бағбаны. Бар ғұмырын қажырлы еңбегімен Егеменді еліміздің ертеңгі тірегі болатын, сапалы ұрпақ тəрбиелеудесіздер. Ғылым мен білімді, тәрбиені бала бойына дарытушы мәртебелі мамандық иелерісіздер.Мерейлеріңіз үстем болып, абыройларыңыз арта берсін. Еңбектерінің жемісті де, жеңісті болсын!
Құрметпен 2 "Б" сынып оқушысы Жорахан Інжудің анасы Дүйсебек Назира.

Қазақстан бойынша мектептер қашықтан сабақ беру форматына ауысуына байланысты , 64 мектеп-лицейінде оқитын 4 сынып оқушысы Баяхметова Ақниет қызымның сабағы осы форматта басталды. Бас кезінде абдырып үйрене алмай біраз қиындықтар болды. Бәріміз үшін бұл - үлкен сынақ болды десек те болады, бірінші рет осындай форматта білім беріп жатырмыз. Дегенмен, Білім министрлігіне де алғысымыз шексіз, қиындық тудырмай, ата-аналар мен оқушыларға тиімді оқыту форматын ұсынды.
Ұстазымыз Каниева Нұргүл Абилакимовна

Менің балам Казизов Альтаир Нұр- Сұлтан қаласы нөмері 64 ші мектеп лицейінің 2 ші "Б" сынып оқушысы. Қашықтықтан оқытудың бірінші күнінен бастап барлық пәндерден тапсырмалар берілді. Балам ол тапсырмаларды менің қадағалауыммен өзі орындады. Бұл тұрғыда баланың білім алуына ата-ананың жауапкершілігі зор. Қашықтықтан оқытуда әр пән мұғалімі балаларға жағдай жасап, Whatsapp мессенджері арқылы оқушылармен байланыс жасап, "Bilimland.kz" "Класрум" сияқты интернет платформаларын тиімді қолдануға бағыт-бағдар көрсету арқылы оқушылардың білім алуына өз үлестерін қосып отырған сынып жетекшісі Күлайым Жүнісалиовна мен пән мұғалімдері Гаухар Сағатбековнаға, Сымбат Нұрханқызына, Айжан Жақсылыққызына, Нұрлыбаева Ұлдана сияқты тағыда басқа апайларымыз оқушының білім алуын қадағалап, ата-анамен жұмыс жасап, барлық жаңалықтармен бөлісіп отырды. Мен ата-ана ретінде мектеп директоры Баймуратова Бану Алимжановна мен мектеп ұжымына, мұғалімдерге үлкен алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін! Өздеріңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Білімді шәкірттеріңіз көп болсын!Көп рахмет сіздерге! Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты бойымыздағы табандылық, шыдамдылық сияқты қасиеттерді танытып #BIZBIRGEMIZ дегім келеді.
Ізгі ниетпен: ата-ана Садакбаева Ажар

Сәлеметсіздер ме!? Мен 10М сыныбының оқушысы Тлеубек Мөлдірдің анасы Мырзабаева Жанар,осы қиын уақытта карантинге байланысты,жаңа форматта отіп жатқан сабақтар, жоғары деңгейде отіп жатыр деп ойлаймын.Ешқандай киыншылық көріп жатқан жоқпыз. Алдағы уақытта ,өміріміз қалпына келіп,балалар мектепке оралған кезде бір ұсынысым бар еді.Қысқы уақытта,қатты аяздар болып, сабақ болмаған күндері, оқушыларды қашықтықтан оқытса екен деймін.

Қашықтықтан оқыту- қажетті шара, бірақ, өкінішке орай, біздің білім беру жүйесі мен педагогтар бұған дайын емес болған. Сондықтан да көптеген программаларды жүктетіп, оларды тестілеп, сол платформаларда жұмыс жасауды үйреніп едік. Техникалық жағынан қарағанда да көптеген мәселелер туындады, мұғалімдердің , оқушылардың веб-камералары, компьютерлері жоқ, интернет жылдамдығы нашар .Бұл туындаған жалпы мәселелер.Менің екі балам оқушы, олар әртүрлі сыныптарда оқиды- еш ақпаратты жіберіп алмау үшін екеуін де бақылап отыру керек. Ақпарат ағыны үлкен. Балаларға бұнын бәрін есте сақтау қиын.Менің пікірімше, бейнесабақтар жетіспейді - яғни мұғалімдердің өз оқушыларымен "онлайн кездесуі", аптасына бір рет болса да.Бір ұлым бірінші сыныпта, екіншісі бесінші сыныпта оқиды, оқу жылы басталғалы мен олармен сабақ қарап, үй тапсырмаларын қадағалап, үнемі айналысамын. Сондықтан да қашықтықтан оқу кезінде ыңғайсыздық туындаған жоқ. Қазір балалармен бірге сабақ жасау керек, бұндайға үйренбеген ата-аналарға қиын, осыдан ыңғайсыздық туындап ашулары келеді.Біздің сынып жетекшілеріміз, пән мұғалімдері әрдайым байланыста.Сол үшін де, ол кісілерге , атап айтқанда Жакупова Гүлхан Даутбаевнаға және Козыбаева Гульназ Алибековна рақмет айтамын!Әрине, бәріміз ыңғайланып алдық, бірақ бұл пандемия тұрмыс салтымызға едәуір өзгерістер әкелді.Осы індетті жеңіп, балаларымыз келесі оқу жылын сүйікті мектебінде бастайды деп үміттенемін.Балалар мектебің, достарың, мұғалімдерің , сыныбың да сағынды.

 1 «В» және 5 «Д» сынып оқушыларының анасы Агдарбекова А.Қ.

Қайырлы күн! Мен №64 мектеп-лицейінің 4 «И» сынып оқушысының ата-анасымын. Қазіргі әлемді жаулаған пандемия салдарынан, бүкіл әлем өте қиын жағдайға ұшырап отыр.Әрине мектеп өмірінен бұл жағдай айналып өткен жоқ. Оқушыларымыз тәжірибеде болмаған қашықтан оқу форматына көшті. Балаларымызға мейлінше білім алу ыңғайлы болуы үшін мектеп директоры Б.А.Баймұратова және мектеп әкімшілігі зор үлес қосуда. Атап айтсам, мектеп оқушыларына қажетті копьютер, планшет, смартфонмен қамтамасыз етілгенін жіті қадағалап, көмек қажет оқушыларға көмектесуде.Сынып жетекшіміз Н.А.Каниева әрбір оқушымен байланыста болып, класрум, ватсап желілері арқылы ақпарат беруде. Кез келген уақытта көмекке дайын, нағыз шебер ұстаз екенін байқадым.Қашықтан оқыту балаларымыздың шынайы оқу үлгерімі, білім деңгейі қандай екенін көрсетті. Әрине жаңа тақырыптарды мұғалімдей түсіндіре алмайтынымыз анық, дегенмен қаншама балаға білім беріп отырған мұғалімдердің шыдамына ризамын. Мектеп ұжымына, ұстаздарға, сынып жетекшіміз Н.А.Каниеваға өз алғысымды білдіре отырып, келер оқу жылы сәтті басталуын тілеймін!

 Айман Аскаралиқызы

Сәлеметсіздер мектеп әкімшілігі,мына қиын кезеңде қашықтықтан балаларға білім беру сіздерге де, бізге де соның ішінде сынып жетекшілеріне атап айтқанда бастауыш сынып мұғалімдеріге оңай соққан жоқ,ол үшін біздің мұғалімдердің еңбегі аса зор,әрбір баламен олардың ата-аналарымен жұмыс істеп олардың біреуіне компютермен жұмыс істеуді,тағы басқасына смартфонмен жұмыс істеуді жеке-жеке үйреткен аяулы ұстазымыз Гүлмира Белдібековнаға алғысымыз шексіз,Жасыратыны жоқ дәл осы кезде үйде бір баламен қиналыңқырадық сол кезде ұстаздардың еңбегінің қаншалықты қиын екенін көзіміз тағы бір рет жетті,Құрметті мұғалімдер сіздерге бас иіп, тағзым етеміз.

Кыдырбай Сабит,3 " Ғ" сыныбы