Меню KDT
МЕНЮ
logo.png?_=1583829163

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ-МЕКТЕП МАҚСАТЫ
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

Құрметті ата аналар! Қымбатты оқушылар!

Өздеріңіз білетіндей, 4 тоқсан қашықтықтан өткізілетін болады, мұғалім оқушыға бағыт бағдар беріп, кері байланыс жасап отырады.

Мұғалім 09:00 ге дейін сабақ кестесі бойынша Kundelik kz-те сабақтың бағдарлау парағын бекітеді. (берілген сілтемелер бойынша видео және аудиоматериалдарға назар аударыңыз) Барлығын мұқият оқып шығыңыз!

Оқушылар 16:00-ге дейін сабақ тақырыбы бойынша материалды оқып, тапсырмаларды орындайды.

Кешкі 17:00-ге дейін оқушылар орындаған тапсырмаларды сканерлеп немесе фото жұмыстарын Kundelik kz-ке жүктейді.

Күн сайын оқушылар өз қалауы бойынша «Ел арна», «Балапан» арнасында телесабақтар  көре алады.

Келесі күні 16:30-дан 12:00-ге дейін мұғалімдер оқушылар орындаған тапсырмаларды тексеріп, оларға коментарий жазады.

Оқушылар сабаққа өз қалауы бойынша алдын-ала Whatsapp арқылы мұғалім ұсынған платформалармен қатыса алады.

Өзіңізге сенімді болыңыз, бәрі жақсы болады! Қажет болған жағдайда мұғалімге хабарласуыңызға болады!!! Сәттілік!





Мектеп бітіруші түлектерге мен ата-аналарына кеңес.

 

         ҰБТ – оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі, ҰБТ оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. ҰБТ–ке дайындық көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық күй-жайынан оларды нашар күйзеліске, стреске әкеп соқтыруы мүмкін. Мұның себебі балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдылығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, ҰБТ-ке  деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуден туындайтын «түсініксіз» сезімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады.  Сондықтан оқушыларды кез-келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұруға, бұл жағдаяттарда өздерін  ұстай білуге үйретудің маңызы зор.
ҰБТ – ға дайындық барысында  оқушыларға жан – жақты көмек көрсетілуі қажет.
Ата – ананың көмегі: балаға жайлы жағдай тудыру қажет. Баланың ыңғайлыотырғанын, бөлменің тыныштығы мен жарықтандырылуын, баланың назарын ештеңе алаңдатпайтынын  қадағалауы қажет.    Бала  көңіл – күйінің оның әдеттегі  нормасына сәйкестігіне (тамағы тоқ, ұйқысы қанған, мүмкіндігінше сабырлылығын және т.б.)  көз жеткізіңіз.  Тестке дайындық барысында  нейтралитетті  жағдай сақталу қажет :
-
баланы сәтті орындалған тапсырмалары үшін мадақтау, күманданған жағдайларда демеу көрсетілу қажет;
Ата – ана баласына сену, үнемі көмектесу  және мұғаліммен тығыз байланыста болу керек.

Мұғалімдердің көмегі:

 

-         пән мұғалімдері мен сынып оқушыларының  арасында жағымды қарым – қатынас орнатуға жағдай жасау;
-оқушылардың  көтеріңкі  көңіл – күйде болуына ықпал ету;
-ата – аналарымен  және мектеп психологымен тығыз  байланыста  болу;
Мектеп психологының көмегі:
ҰБТ тапсыру кезінде негізгі қиындықтар бітірушілердің емтихан жағдаятын қабылдау ерекшелігіне, өзін - өзі бақылаудың жеткіліксіз дамуына және стреске қарсы тұруының төмендігі мен өзін – өзі реттеудің жеткіліксіздігіне байланысты. Бұл қиындықтарды жеңу үшін:
-Оқушыларды ҰБТ ерекшелігінің жүргізілу барысы жайлы жалпы бағыт-бағдар беру мақсатында дәрістер жүргізу.
-Стреске  қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылату:
А)  стресс жағдайында үрейді жеңудің негізгі әдістерімен таныстыру;
Ә)  өз - өзіне сенімділігін  арттыру;
Б)  ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін – өзі бақылауды дамыту қажет.

Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады ?
Емтиханға дайындық:

 

-қиын материалды  оқығанда  сабырлық сақтап, кішкенеден бөліп-бөліп баста;
-егер ойыңды жинақтау қиындыққа түссе, күшіңді жинап, оңай жерлерін есіңде сақтап қалуға тырыс;
-
шаршағаныңды, яғни ішкі ағзаларға түсірілген күшті сәйкесінше жоюға қатысты жаттығулар жаса .

Көз шаршағанда не істеу керек ?

 

         Емтиханға дайындық барысында әрине ең біріншікөзге  көп  салмақ  түседі. Егер көз шаршаса, адам ағзасының да шаршағаны. Әрі қарай дайындалуға, яғни емтихан тапсырмаларын орындауға толық мүмкіндігің жетпейді. Сондықтан, көзіңнің шаршағанын басып, дем алу  қажет.
Ол үшін мынадай жаттығулар жасауға болады:

 

- жоғары – төмен қара (25 сек.);
-солға – оңға  қара (15 сек.);
-көзіңмен  аты-жөніңді жаз;
-бір затқа көзіңді тоқтатып қара (20 сек.);
-
алдыңда тұрған параққа көз тоқтатып қара (20 сек.);
-
көзбен сағат тіліне қарсы және бағыттас бағытта үшбұрыш, төртбұрыш сал.

Немесе мынадай кешенді жаттығулар жасауға болады:
1-жаттығу. Көзді қатты 3-5 секундқа жұмып, ашады. Осыны 6-8 рет қайталайды. Жаттығу көз қабығының бұлшық  етін шынықтырады, көз еттерін босатады және қан айналысын жақсартады.
2-жаттығу. Көзді  1-2 минут тез жыпылықтату. Қан айналысын жақсартады.
3-жаттығу. Екі саусақ көмегімен айналдыра  массаж жасау. Бұлшық еттерді босатып, қан тамырларының  жұмысын жақсартады.
4-жаттығу. Екі қолды жәй оңнан солға жылжытып, басты қозғалтпай, көзбен қолдың ізін қарау керек. Жаттығуды 10-12 рет қайталау  көздің бұлшық етін, бір нәрсеге қарағанда координациясын жақсартады.
5-жаттығу. 1  – алысқа (қабырғаға) қарау;2 – оймен арақашықтықты 2 бөлікке бөлу, белгілі бір нүкте қойып, соған қарау;3 – оймен нүктеге дейінгі арақашықтықты 2 – ге бөлу;4 – оймен 2-ші нүктені жартыға бөлу, сөйтіп 3-ші нүктеге қарау. Жаттығуды 8-10 рет қайталау қажет. Жаттығу көздің арақашықтықты бағалауын, ішкі және сыртқы бұлшық еттері қызметінің координациясын жақсартады.
6-жаттығу. Терезе алдында тұрып, қолды алға созып, бас бармағыңызды көтеріп, саусағыңызға 5-10секунд қараңыз. Көзіңізді терезенің ар жағындағы қашықтықта орналасқан затқа қадаңыз: көрші үй, көше шамдары. Затқа 10-15 секундтай көрінгенше қараңыз.Бұл жаттығуды орындағанда  көзбұршағының қалыңдығы мен аккомодацияны қамтамасыз ететін бұлшық еттердің жұмысы жақсарады.
Тамақтану.
Витамині көп,  күніне үш – төрт мезгіл колориді көп тамақ жеу керек. Тамақтану барысында грех жаңғағын, сүт, айран, балық, ет, жеміс – жидек, шоколад жеген дұрыс. Емтихан алдында тамаққа тойып бармау керек.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады ?
Материалды сұрақ бойынша қайталау керек. Ең бірінші есіңе түсір және міндетті түрде  не білетініңді  қысқаша жаз, сосын барып өзіңді тексер. Оқулықты оқи отырып, негізгі керек жерін бөліп алып отыр – бұл бөлімнің негізгі тірегі, яғни жауабы. Әрбір оқыған сұраққа жоспар құрып, қағазға жазып үйрен. Дайындықтың соңғы күні сол  қағазға  қарап есіңе түсіріп ал.
Ойлау  қабілетін қалай дамытуға болады?
-Тыңдай және тиянақты жауап бере білу керек. Сонымен қатар, керек кезінде өзіңді ұстай біл,  айтарың болмаса үндеме.
-Ойлаудың өзі білімсіз тумайды. Жинаған біліміңізді ойға күш түсіру арқылы көрсете аласыз.
-
Ойлауды дамыту – ақылды біліммен нәрлендіру (толықтыру, сіңіру).
-
Білім ошағы әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітап, теледидар, адамдар. Олар бір зат туралы және оның пайда болу жолдары туралы мәлімет береді.
-
Ой сұрақтан туады. Барлық ашылған жаңалықтар «неге?», «қалай ?» сұрақтарынан туған. Сұрақ қоя білуді және оған жауап таба білуді үйрен.
-
Егер дайын стандарт шешімдерінен қалаған шешімдеріңізді алу мүмкіндігі болмаса, ойлау жанданады. Сондықтан, ойлауды дамыту үшін ең әуелі  сол затты немесе құбылысты жан-жағынан қарап, қыр-сырын анықтап, жаңа жақтарын таба білу керек.
-
Ойлаудың  қажетті  қасиеттерінің  бірі – бір заттың екінші заттан айырмашылығы.
-
Обьектіні  жан-жақты қабылдай алсаңыз, соншалықты ойлау қабілеті дамып отырады. Оны түрлі логикалық есептер шығару, түрлі ойындар ойнау арқылы да дамытуға болады.
-
Сөйлеу мен ойлауды бөліп қарауға болмайды, себебі ойлаудың нәтижесін сөйлеу арқылы көрсетеміз.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары.

 

  1. Үзіліссіз оқығаннан гөрі, дем алып оқыған,  топтастырып жаттағаннан  гөрі бөліп-бөліп жаттаған дұрыс.
  2. Жай оқи бергеннен гөрі көп уақыт есте сақтағаныңды  қайта жаңғыртып, қайталағаның дұрыс.
  3. Егер кең ауқымды және кішкентай көлемдегі қос материалмен жұмыс жасасаң, онда бірінші  кең  ауқымды материалдан  бастағаның дұрыс.
  4. Адам  көрген түсін есте  сақтамайды, ал бірақ есінде қалады.

 

Жұмыс істеу қабілетін арттыру жағдайы.

 

  1.   Дене еңбегімен ой еңбегін кезектестіріп отыру керек.
  2.   Ми клеткаларында, адам ағзаларында қан айналымын жақсарту үшін мынадай жаттығулар жасау керек (баспен  тұру, дөңгеленіп айналу).
  3. Көзді күту керек, әрбір 20 - 30 минут сайын көзді кітаптан алып, алысқа қарау керек.
  4. Теледидарға қарап, жаңалықтар  тыңдау  керек.

 

Кинезиологиялық жаттығулар.
Мақсаты: танымдық  қабілеттерін арттыруға жағдай жасау.
Нұсқау: 
1. Сұқ  саусақпен келесі қолдың алақанының ортасын  және әрбір саусақтың  тұсын өзіңе сезілетіндей  айналдыра нұқимыз және  керісінше. Сосын келесі оң жақ қолға дәл осы жаттығуды  қайталаймыз.
2.Екі қолыңды алға қарай соз. Одан соң  саусақтарыңмен алақандарыңды қыс.
3.Қолыңды оңнан  солға қарай,  аяқты  солдан оңға  қарай айналдыр. Сосын келесі қол мен аяққа ауыстыр.
4.Қолдарыңды тізелеріңнің үстіне айқастырып қойыңдар. «Алақан соғыңдар» деген бұйрық берілгенде, алақандарыңды соғып, қолдарыңды керісінше айқастырыңдар.
Психикалық  жүйке әсерін  төмендету  әдістері.
Релаксация – күш салу – релаксация – күш салу – тағы солай.

  1. Дене  шынықтыру жаттығулары.
  2. Контрасты душ.
  3. Кір  жуу.
  4. Ыдысты  жуу.
  5. Газетті  жыртып, кейін оны  қоқысқа  тастау.
  6. Сайыс: өзіңді кернеп  тұрған  эмоцияларыңды, қорқыныш  сезімдеріңді умаждалған газетке салып, оны ең кішкентай пішінге  келтір де, ең алыс жерге  лақтыр.
  7. Газетті  өте ұсақтап жырту, кейін лақтырып тастау.
  8. Газеттен  өзіңнің  көңіл – күйіңді жасау, құрастыру.
  9. Газетті әртүрлі  бояулармен  бояу.
  10. Өзіңнің  жақсы  көретін әніңді өте жоғары дауыспен айту.
  11. Бірде  қатты, бірде ақырын ғана  айқайлау.
  12. Жылдам да, баяу да ойнайтын музыкаға билеу.
  13. Жанып  тұрған  шамға  қарап  отыру.
  14. 10 рет терең  тыныс  алу.
  15. Орманға барып серуендеу, онда  айқайлауға да болады.
  16. Тістерді  тілмен сезіп, санау.

 

Стресті қалай жеңуге болады?

 

СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық   тұрғыдан  күштену қалпы. Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру және т.б. Мектеп стрессогендік фактор ретінде қалыптасқан кезде көптеген оқушылар оған теріс қарайды. Не істеу керек? Ең алдымен  өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертуіңіз қажет. Уолтер Расселдің сөзіне сүйенсек «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңыздар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршағандықтан азап шегіп немесе ауруға шалдығасыз.»  «Істеген ісіңізді сүю қажет немесе сүйіспеншілікпен жасау керек» дейді шығыс даналығы. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз.Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар.Стрестің психологиялық белгілері: ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.
Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.
Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, бауырларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
Жаттығу «Өзіңді тексер».
-  Адамдарға көңіл – күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба ?
-  Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба ? Қарсылықты тура білдіресіз бе, әлде «бұл қиын» деп айтасыз ба ?
-  Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба ?
-  Сіз адамдармен қатаңдық танытпай, паңданбай  қатынасқа түсе аласыз ба ?
-  Достарыңызға ешбір мақсат  көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?
-  Сіз адамның  көңіл-күйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар туралы жағымды сөз айта аласыз ба?
-  Сіз өз-өзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба ? Өзіңізді – өзіңіз  сынау бәрінен бұрын айналаңыздағыларға жағымды әсер ететінін түсінесіз бе ?
 «Мен ғажаппын!»
Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуыңыз  үшін өзіңізді, өмірлік іс - әрекетіңізді лайықты бағалай білуіңіз керек. Өзіңізге арнап неғұрлым  жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айтып, өзіңізді - өзіңіз дұрыс бағалағаныңыз жөн.
Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.  Мысалы:
-
Мен осы өмірге келуіммен  кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
-
Мен ғажаппын, мен кереметпін.
-Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
-Мен өмірді сүйемін.

Қашықтықтан оқыту форматында үйде балаға жағдай жасау.
Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қандай қолдау жасай аламын!?
Ата-аналарға кеңестер! 

Құрметті ата-аналар! Алдағы уақытта қашықтықтан оқыту - бұл білімді меңгерудің жаңа форматына көшу болып табылады. Оқыту барысында туындаған мәселелерге қызығушылық пен сабырлық таныту қажет. Мұғалім мен оқушыларға оқытудың бұл форматы жаңа тәжірибе. Қашықтықтан оқыту кезіндегі балаңыздың білімді меңгеруі нәтижелі болуы сіздердің оқу жағдайын дұрыс ұйымдастыруыңыз және балаға қолдау көрсетуіңізге де байланысты. Қашықтан оқыту кезінде сізге  және сіздің  балаңызға нұсқаулық ретінде бағыт беретін кеңестер ұсынамыз:

-шыдамдылық, сабырлық таныту, балаға қолдау және көмек көрсете білу. Оны оқу материалын қабылдауға мақсатты бағыттау.

-алғашқы күндері балаға өзінің жұмыс орнын дұрыс дайындауға көмек беріп, ал одан әрі оның өз бетінше ұйымдастыруына мүмкіндік беру.

-сабақ кестеге сәйкес уақытта  өткізілетінін естен шығармау қажет. Сабаққа алдын ала  5 минут бұрын қосылу - оларды уақытын бағалау мен жауапкершілікке үйретеді.

-балаларды өз бетінше оқу қызметіне позитивті бағыттап отыру қажет.

-бөлмеде тыныштық қатаң сақталуы керек, сабақ кезінде ештеңе кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.

- егер балалар мұғалімнің нұсқауларын қатаң ұстанса, онда оқу үрдісі сәтті және нәтижелі болады.

-балаға мұғалімнің нұсқауларын мұқият тыңдап, ұсыныстарын дұрыс түсіну керек екенін түсіндіріңіз.

 -балалардың қозғалыс  жаттығуларын ,сонымен қатар көзге арналған гимнастикаларын жасауға үзіліс болуын  қадағалаңыз.

-өз балаңызға алаңдамаңыз, оған сенім арта біліңіз, балалардың компьютер және жаңа технологиялармен жұмыс жасай алатын қабілеті зор.

-қашықтықтан оқыту кезеңінде ата-аналар мен оқушылардан жоғары ұйымшылдықты, жинақылықты және мобильділікті талап етілетінін есте сақтау маңызды.

-елдегі жағдайды түсіне отырып, біздің болашағымыз үшін, үйде бізбен бірге үйреніңіз!


Ата-аналарға кәсіптік бағдар беру бойынша ұсыныстар

Балалар ерте жастан бастап дәрігердің, ғарышкердің немесе заңгердің мансабын армандайтын және жоғары оқу орнына түсуге дайындала отырып, оқулықтарды ұстай алатын балаларда проблема жоқ. Алайда, мамандардың айтуынша, мұндай балалар азшылық, мамандық таңдауда елеулі күмән мен қиындықтар тудырғандар көп. Бұл жағдайда ата-аналарға не істеу керек? Бейімділік жұмыстарын іске қосқан жөн.  Сонымен қатар, қайда оқуға бару туралы мәселені 8-9 сыныпта шешкен жөн.

Бірге, бірақ баланың орнына емес

Ата - аналар үшін ең бастысы-олар балаға тек анықталуға көмектеседі, ал оның орнына мүлдем өздері анықтамайды.  Себебі, 14-16 жастағы балалардың көпшілігі психологиялық тұрғыдан өз бетінше таңдау жасауға дайын емес, сонымен қатар олардың басым бөлігі шешім қабылдау қажеттілігі алдында қорқыныш сезеді. Мектепте ұзақ жылдар бойы оларға негізінен дайын шешімдер ұсынылды, барлығы алдын-ала белгілі болды және кесте мен оқу жоспарларымен анықталды. Және жасөспірімнің бейқамдығы, ол кенеттен осындай аса маңызды мәселеде анықтауды ұсынады, әбден түсінікті. Сондықтан ата-аналар баланың мамандық таңдауда толық дербестігіне сене алмайды: сіздің өсіп келе жатқан сәбиіңіз үлкендерден кеңес күтеді, тіпті ол бұл туралы тікелей айтпаса да. Екінші жағынан, жасалған таңдау үшін одан жауапкершілікті толығымен алып тастауға болмайды. Ол мұны шешті деген сезімге ие болғаны маңызды. Егер жасөспірімнің мамандығын өзі таңдамаса, онда ол өзі үшін емес, оқуды зерігерлік және тартымдық міндет ретінде қабылдай отырып, оқиды.

Бірақ, әрине, пәрменді кәсіби бағдар беру жұмысы сенімді атмосфера орнатылған отбасыларда ғана мүмкін болады. Егер диалог пайда болмаса және кез келген мәселені талқылау ашық конфронтациямен аяқталса, алдымен "үйдегі ауа-райын" (психологтың көмегімен жақсы  қалпына келтіру керек, содан кейін болашақты жоспарлаумен айналысу керек.

Шешімге 7 қадам

Сонымен, ата - аналардың міндеті-жасөспірімді дайын шешім қабылдамауға, оған өзін анықтауға көмектесу. Оны қалай жасауға болады?

 1 ҚАДАМ. Кәсіби ҚАЛАУЛАР кестесін жасаңыз. Мамандықты таңдай отырып, адам тек ақша табу тәсілін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ортаны, өмір салтын таңдайды. Балаға оның болашақ жұмысы қандай талаптарға жауап беруі керек деп ойлауды ұсыныңыз. Құрыңыз барынша егжей-тегжейлі тізімі осындай талаптарды (жалақы деңгейі, сипаты мен еңбек жағдайы, беделі, жұмыспен қамту, шынайы еңбекпен және т. б.). Бұл тармақтарды бағандарға, ал жолдарда - балаға неғұрлым тартымды болып көрінетін кәсіптердің атауларын жазыңыз. Кестені толтыра отырып, талаптар мен мамандықты салыстырыңыз: егер олар сәйкес келсе, осы торға плюс салыңыз, егер жоқ болса - минус. Қандай мамандық артықшылықтарды ең көп алғандығына талдау жасаңыз. Мүмкін, бұл мамандықтың жанында балаға өз бейімділігін іздеу керек.

Кәсіби бағдардың мұндай тәсілі - ең дәл емес. Бірақ оның артықшылығы-ол оқушыға өз бетінше ойлауды ұсынады (мүмкін, бірінші рет!) құндылықтардың жеке жүйесімен, өз болашағын қалай көретіні туралы.

2 ҚАДАМКәсіби әлем туралы білімді кеңейтіңіз. Таңдау үшін не таңдау керек. Сонымен қатар, жасөспірімнің өмірлік тәжірибесі шектеулі, оның еңбек қызметі туралы түсінігі үзбелі, кейде беймәлім. Мысалы, көптеген жоғары сынып оқушылары менеджер болғысы келетіндерін айтады,бірақ бұл жұмыс үшін анық жауап бере алмайды. Басқа да араластырады ұғымдар "кәсіп" және "должность", мысалы мәлімдейді: "Хочу быть начальником!"Біреу компьютерлік ойындар ойнауды, Интернеттен ақпарат алуды ұнататынын айтады, сондықтан бағдарламашы болғысы келеді. Ал бағдарламашы-тек компьютер пайдаланушысы емес. Ата - ананың міндеті-сарапшы болу, өзі білетін ақпаратпен бөлісу: қандай мамандық, қандай шектеулер қояды?

Кәсіби бағдар жұмысына достары мен таныстарын тартуға болады. Мысалы, егер сіздің балаңызоған заңгер бола ма деп ойласа - және сіздің таныстарыңыздың арасында ондай бар болса, - оларды балаңызбен сөйлесуді, тіпті оны жұмысқа жіберуді сұраңыз. Мұндай қарым-қатынас тәжірибесі жасөспірімнің таңдаған мамандығы туралы түсініктерінің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіні туралы ойлануға мәжбүрлеуі мүмкін.

3 ҚАДАМ. Толығырақ ақпарат! Белсенді (және баламен бірге!) еңбек нарығы, жаңа және болашағы бар мамандықтар туралы ақпарат жинаңыз. Бұған жыл сайын шығарылатын анықтамалықтар, кәсіби журналдар, сондай-ақ Интернет-сайттар көмектесе алады, кейде осындай басылымдарда бала оның бар екендігі туралы болжанбаған (тіпті оның ата-анасы болжаған жоқ!).

4 ҚАДАМСөзден іске көшіңіз. Бірақ әңгіме мен әңгімемен ғана шектелудің қажеті жоқ. Біздің барлығымыз жасөспірімдер ересектердің, әсіресе ата-аналардың пікіріне күмәнмен қарайды. Тікелей тәжірибе әлдеқайда маңызды. Егер бала қандай да бір мамандықты қызықтырса, оны бейінді үйірмеде, секцияларда, сыныпта "бекітуді" ұсыныңыз.

5 ҚАДАМБалаға кәсіптік бағдар беру тестілеуден өтуді ұсыныңыз. Мамандықты таңдау үшін қазіргі мамандықтар әлемінде ғана емес, ең алдымен өзін - өзі тану-өзінің жеке қасиеттерін, қабілеттерін, ұмтылыстарын білу қажет. Өйткені, мансаптық биік адам бір жағынан ол қызықты, ал екінші жағынан - оның қабілетіне сәйкес келеді. Мысалы, дизайнерге көру логикасы мен бейнелі ойлау, журналистке - егжей - тегжейлі байқай білу және ойларды байланыстыра білу, фитнес бойынша нұсқаушыға-физикалық дайындық және ұйымдастырушылық қабілеттер және т. б. болуы маңызды. д.

6 ҚАДАМ.  Институтқа-экскурсияға. Баланы жоғары оқу орнына "Ашық есік күніне" жіберу жақсы емес, мүмкіндігінше бір емес. Мұндай жорықтарға шамадан тыс мән бермеңіз-бұл жерде сіздің студенттік жылдарыңызды өткізгісі келетініңіз міндетті емес. ЖОО-ға тек мұражай ретінде барып-көру, сөйлесу, "менің - менің емес" сезіну.

 7 ҚАДАМ. . Баламаларды талқылаңыз. Баламен болашақ мамандық туралы айтатын болсақ, бір нұсқаға сүйенбеңіз. Әдетте, жасөспірім қосалқы әуежайлақ туралы ойламайды, сондықтан ата-аналар үшін оның алдына не істеу керек деген сұрақ қою маңызды: егер ол белгіленген жағдайларды жүзеге асыра алмаса, ол не істеу керек? Баламаның болуы балада шиеленіс пен алаңдаушылықты төмендетуге мүмкіндік береді. "Егер сен экономист бола алмасаң, немен айналысасың?"Ал үшінші тұлғаларға қатысты осы мәселені талқылауға болады:" Андрей өмір бойы футболшы болуды армандап, спорттық мансапқа дайындалып, жарақат алып, кетіп қалды. Енді ол кім боларын ойлап жүр".

Қателесу – ол да тәжірибе

Мамандық таңдау-іс, сөзсіз, маңызды және жауапты, бірақ оған қайтымсыз процесс ретінде қарауға болмайды. Біздің балалар бүгін жасайтын таңдау олардың қазіргі мүдделері мен қажеттіліктерін ғана көрсетеді. Егер таңдаған мамандық әрқашан қызықты болса, ал егер олардың қалауы өзгерсе, онда ешқандай трагедия жоқ. Мамандардың айтуынша, мамандық таңдау бір рет және өмір бойы өткенге кетеді. Біз тез өзгеретін әлемде өмір сүреміз. Еңбек нарығындағы жағдай қандай болатынын болжау мүмкін емес, айталық, он жылдан кейін.

Қазіргі уақытта сұранысқа ие және жоғары ақы төленетін мамандықтар ондай болмайды және керісінше. Бірақ кез келген жағдайда әркімде бірдеңені қайта ойнату немесе қайта бастау мүмкіндігі қалады.

 

«Балалар агрессиясының себептері» тақырыбында кеңес беру жұмысы

Өткізілген күні:  7-8 қараша 2019 жыл

Жұмыс нысаны: ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

Жұмыс тақырыбы: «Балалар агрессиясының себептері»

Жұмыстың мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы- отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,  өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.  агрессия туралы түсінік, агрессиясебептері және шығу жолдары туралы түсінік беру.

Қатысқаны: Мектеп ата-аналары

Жүргізген: мектеп педагог-психологы  Искакова  А.А. Жанұзақ Б.Б.

Кездесу барысы: 7-8 қараша күндері мектепте сыныптық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста ата-аналармен «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, сыныптық мәселелер айтылып, жалпы талдау жүргізілді.Ата-аналардың сұранысы бойынша балаларда кездесетін жиі мәселелердің бірі- агрессия. Сондықтан видео көрсетіліп, ата-аналармен пікір алмасу өткізіліп, сабақ соңында агрессияның алдын-алу тақырыбында брошуркалар таратылды.



Тақырыбы «Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері»

Мақсаты:

Көрнекілігі: "Тәрбиесіз берілген білім, білім емес..."Әл-Фараби.

"Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады..." Ы.Алтынсарин. Бала тәрбиесі туралы тірек-сызба.

Тренинг ережесі:

Тренинг барысы:

Танысу:

Тренердің кіріспе сөзі

   Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі тренинг тақырыбы : "Жапырақ тамырдан нәр алады".

Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

"Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

Қоғам талабына сай тәрбие -мектепке дейінгі, яғни бала бақшадағы тәрбие,мектеп қабырғасындағы тәрбие т.с.с.

Жеке бас тәрбиесі - өзін-өзі тәрбиелеу.

Осының ішінде ата-ана тәрбиесіне кеңінен тоқталайық.

Баланың бас ұстазы - ата-анасы. Бала барлық үлгі өнегені алдымен өзі шыққан отбасы мен ата-анасынан алады.

Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек ,халқына адал,бақытты болып, өмірде өз орнын табуын естен шығармай,үнемі көңіл бөліп отыруы қажет-ақ.

Психолог: Ана мен бала арасындағы жағдайларды қарастырды.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы"делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.

"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

"Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады"дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.

Ата-аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.

Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі.Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.

«Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері» тақырыбында өткізілген жиналыстың

                                                 ХАТТАМАСЫ      

Өткізілген күні:  17 қыркүйек

Жұмыс нысаны: Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық ағарту        жұмыстары

Жұмыс тақырыбы: «Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері»

Жұмыстың мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.

Қатысқаны: 6-8 сынып ата-аналары

Жүргізген: мектеп педагог-психологы  Искакова  А.А. Жанұзақ Б.Б.

Кездесу барысы: 6-8 сынып ата-аналарының қатысуымен  «Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері» атты тақырыпта жиналыс болып өтті.Жиналыс барысында ата-аналарға бала бойында кездесетін жасөспірімдік шақтын қыйындықтары,түсіндіріліп,және ата-ананың осы уақытта балаға берер көмегі мен әсер етер ықпалын түсіндіріп атап өтілді.

Сонымен қатар ата-аналармен «Сәлемдесу» ойыны,«Топтық тапсырмалар» жаттығуы, және т.б кеңестер жүргізілді. Жиналыс соңында ата-аналарға қорынды ой түйіндетіп, жиналысымызды  аяқтадық