Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде оқушылардың тоқсандық  демалыс уақытында өткізілетін  
«3 күн ата-ана жұмысында» атты машықтық жобасы

Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде оқушылардың тоқсандық  демалыс уақытында өткізілетін  «3 күн ата-ана жұмысында» атты машықтық жобасы өз жұмысын екінші тоқсанда да ойдағыдай жүзеге асырды.   Қатысушылар ретінде 9 және 11 оқушылары тартылды. Оқушыларға алдын-ала жобаның мақсаты мен міндеттері таныстырылып, сынып жетекшілері ата-аналармен келісім жасау негізінде жобаның орындалуын қадағалады. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде оқушыларымыз өздерінің осы жоба аясында жұмыс пен оқудың ара жігін түсінгендерін  пікір алмасу алаңында эссе, презентация, күнделіктерінде жазған ойларынан байқауға болады. Жұмыстың қорытындысы шығарылып, мектеп психологымен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  бағыттаушы сұрақтармен қатысушылардың ойларын ұшқырлай білді.  

Машықтық жоба пікір алмау алаңын 10сынып оқушысы Назым жүргізді.  Әлеуметтік машыққа қатысқан оқушылар өз тәжірибелерімен кеңінен бөлісе алды. Ол оқушыларға қосымша сұрақтар қойылып, ата-анамен байланыс арта түскендігін айтты. Осы машыққа қатысқан оқушы бойында жауапкершілік пен іскерлік құндылық қалыптасып, мамандық таңдауға бағдар ала білгендіктерін  және өзіндік шешім қабылдауға үйрене бастағандығын айтты. Соңы мамандықтар құпиясы  аудиториямен жұмыс жүргізілді.




«Мен сенің қолқанатыңмын!»

23.01.2019

Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде  8,10 сынып оқушыларына қысқы демалыс кезінде оқушыларға  «Мен сенің қолқанатыңмын!» атты машықтық жоба  жүргізу тапсырылды.
Осы жұмыстың нәтижесі ретінде оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушылар эссе, презентация, видеоролик т.б. түрінде ата-анасының жұмыс орнына барған әсерлерін жеткізді. Осы оқушылардың шығармашық жұмысын сараптап,  әділ-қазылар алқасы ерекше жұмыстарды марапаттады. Қатысушы оқушылардың бойынан жауапкершілік, тәртіп іскерлік құндылықтар көрініс тапты. Қорғау жұмысының көремендері ретінде сынып жетекшілері, мектеп психологтары, кеңесші мамандар   қатысты. Әлеуметтік машыққа қатысқан оқушылар өз тәжірибелерімен кеңінен бөлісе алды. Ол оқушыларға қосымша сұрақтар қойылып, ата-анамен байланыс арта түскендігін айтты. Аталған жұмыс өз  мақсатына жетті. Алдағы уақытта осы жұмыстан күтетініміз көп.










Насостық су станциясына экскурсия
23.01.2019

Өсіп келе жатқан ұрпаққа кәсіптік бағдар беріп, осы заманда сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру жұмысы №64 мектеп-лицейінде үздіксіз жүргізіледі Соның айғағы ретінде 23.01.2019 ж. күні 9-10-сынып оқушыларының Астана қаласының   насостық су станциясына экскурсияға барғанын атауға болады. Балалар Астана қаласының тұрғындарына судың  берілуі, судың  қолданылу  жүйесі туралы түсінік алып, суды үнемдеу қажеттігі жайлы ойларын қалыптастырды.