Меню KDT
МЕНЮ
 Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №4 психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес
 
 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
№64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
 
Нашар көрушілер
нұсқасы

введите текст

«Отбасым - кітап әлемінде» жобасы

“64 мектеп-лицейі» тәрбие бөлімінің қолдауымен «Сахна тілі» қатысушыларына «Отбасым - кітап әлемінде» отбасылық онлайн кітап оқу жобасы ашылды.
Жоба: 1-4 сынып оқушыларына арналған
Сайыстың мақсаты:
Балалар мен жастардың оқуға деген қабілеттіліктерін арттыру үшін өздігінен кітаппен жұмыс істеу дағдысын дамыту және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
«Отбасым - кітап әлемінде» жоба ережесі
Жалпы ережелер: «Отбасым - кітап әлемінде » жобасы тәрбие бөлімі мен мектеп кітапханасы ынтымақтастығы негізінде құрылған; Жоба 1-4 сынып аралығындағы оқушылар отбасы арасында өтеді. Оқылатын кітаптар 64 мектеп-лицейінің кітапханасынан алынуы тиіс (қатысушылар пайдаланған әдебиетті автоматты түрде қадағалау үшін қажет). Оқуға таңдалатын нысан халық-ауыз әдебиеті, көркем әдебиет, сонымен бірге мемлекеттік, ғылыми-танымдық басылым, аудио- және электронды кітаптар болу мүмкін.
Жобаны өткізу мерзімі: 2021 ж. 25 қаңтар – 15 мамыр аралығында өткізіледі.
Жоба шарттары: Әрбір қатысушы мектеп кітапханасына «Отбасым кітап әлемінде» жоасына қатысушы ретінде жетекшісін көрсете отырып тіркелуі тиіс; Әрбір қатысушы «Отбасым кітап әлемінде» жобасы аясында өзі оқыған шығармасы жайлы көзқарасы мен барынша ұнаған кітабы туралы пікірін баспа, электронды немесе бейнеролик, РРР-презентация және т.с.с. үлгіде (сайыскердің қалауы бойынша) ұсынуы тиіс; Жобаға қатысушылар талқылау сұрақтарына әртүрлі дәйексөз, фраза, дәлелдермен жауап беріп, өз пікірлерімен алмаса отырып, өздері оқыған шығармадан алған білімдерін ортаға салады.
Талқылау әр ай сайын Zoom платформасы арқылы өтіліп отырады.
Жоба жеңімпаздарын бағалау және іріктеу критерийлері Оқыған кітап саны және оның көлемі (бет саны);
Жобаға қатысушының білімін айқындайтын пікірлер мен көзқарастардың сапасы және оқыған кітабы жайлы жеке ойы; Оқыған басылымдарының мазмұнын, кітап оқиғалары мен кейіпкерлерін, қызықты деректер т.с.с. білу; Оқыған кітабының идеясымен бөлісе алу және сайыскерлердің жарқын образды тілі (соңғы кезеңде маңызды).
Жобаны қорытындылау және қатысушыларды марапаттау Қатысушы марапаттау төмендегі номинациямен өтеді: «Үздік оқырман» «Үздік оқу жетекшісі» номинациясы жеңімпаздарға ықпал еткен адамдарға табыс етіледі. Жобаға қатысушылар мен жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жобаны ұйымдастырған:
“64 мектеп-лицей» мектебінің педагог ұйымдастырушысы Таңатар Оралхан Ботбайұлы
Байланыс, анықтамалар: Анықтама тел: 8 (771)145064