Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ
     Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 64 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды:

2
7.06.2019

     Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицей директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары( мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 15 үй) лауазымының бос орнына конкурс жариялайды
 

Лауазымдық міндеттері:


     Педагогикалық ұжым жұмысының бастауыш сыныптар бойынша ағымдағы және даму жоспарын ұйымдастырады. Мұғалімдердің және өзге де педагогикалық қызметкерлердің оқу жоспарын және бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру үдерісінің сапасын, оқушылардың білімі, білігі, дағдысы (ББД) нәтижесінің әділ бағалануын жүйелі түрде бақылауды, нәтижелілігі бойынша мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Сабақтарға және мектептің педагогикалық қызметкерлері тарапынан өтетін оқу жаттығуларының өзге де түрлеріне қатысып, олардың түрі мен мазмұнын талдайды және талдау нәтижесін педагог қызметкерге жеткізеді. 1-4  сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. 1-4  сынып оқушыларының оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады.     Бекітілген есеп құжаттарын жасауды қамтамасыз етеді. 1-4сыныптарды жинақтауға қатысады, оқушылар контингентінің сақталуы бойынша шаралар ұйымдастырады. Оқушылар тарапынан ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды. Педагогикалық кадрларды таңдауға қатысады. Білім беру үдерісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді, мектептің педагогикалық кеңесіне қатысады. Білім беру үдерісінде еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша жұмыстар жүргізеді. Оқушыларға дер кезінде техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізілуін және оның журналға тіркелуін бақылайды. Мектеп директорының және жоғарғы білім органдарының бұйрықтарын мұғалімдерге және қызметкерлерге дер кезінде жеткізілуін ұйымдастырады және оның орындалуын тексереді. 1-4сыныптарда оқу-тәрбие үдерісіне қатысты сұрақтар бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын тұлғаларды) қабылдайды. Қызметкерлермен, оқушылармен орын алған қайғылы оқиғаларды тексеруде, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша әкімшілік-қоғамдық бақылау жүргізуге қатысады. 1-4 сыныптардың сабақтарының кестесін және білім беру жұмыстарының өзге түрлерінің кестесін жасайды, уақытша жұмыста болмаған мұғалімдердің сапалы және дер кезінде алмастырылуын ұйымдастырады, жіберілген және алмастырылған сабақ есептерінің журналын толтырады. Педагогтардың қоғамдық ережесіне сәйкес мектептегі, қоғамдық жерлердегі этикалық нормалардың орындалуын қадағалайды. Бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс есебіне, барлық тапсырылатын есептеріне жауапты. Мектеп бойынша бастауыш сыныптардағы негізгі пәндердің оқытылуына қатысты барлық іс шараға  жетекшілік етеді, сапасына жауапты, күнделікті сабақ жоспарларының талапқа сай жасалуын қадағалайды. Бастауыш сыныптар бойынша түскен хаттар мен сұрақтарды шешеді, ата-аналармен, жоғары органдармен іскерлік  байланыста болады. Бастауыш сыныптардың оқу кестесінің сапалы құрылуына және орындалуына жауапты.
      Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және Педагогикалық әдеп ережелерін,   басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды білуге міндетті.
    Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.
 
Мемлекеттік орта білім беру мекемесі басшысының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:
            Білім беру мекемесі хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
            1) білім беру мекемесі басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
            2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
            3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
            4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
            5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
            6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
            7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі  (бар болса);
            8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
            9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;
            10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.
            Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.
            Осы Қағидада көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
 Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
  1. Бос лауазымға құжаттар қабылдау(білім беру мекемесі хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде);
  2. Әңгімелесу өткізу
  3. Даму жоспарын қорғау
 
    Конкурстың өткізілу орны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №64 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 15 үй, анықтама телефон: (8-7172) 50-17-35, факс 50-17-35