Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

«100 ӘН»  жобасы аясында патриоттық әндерден сайысы

«100 ӘН»  жобасы аясында   сыныптар арасында тоқсан сайын патриоттық әндерден сайыс жүргізіліп жатыр. 
Аптаның сейсенбі күндерінде  үлкен үзіліс кездерінде  оқушылар өз сыныптарында әндерді орындауда. Оқушыларымызға әндердің мәтіндері алдын-ала таратылып, жаттауға беріледі. Ондағы мақсатымыз
 жас буын арасында ұмытылып бара жатқан әндерді, композиторларды қайта жаңғырту және осы әндер арқылы елімізді сүюге, қадірлеп, қастерлеуге, анаға, әкеге, достарға, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында ұйымдастырылуда.
Осы жобаның  қорытындысы ретінде «100 ӘН» жобасы  ата-ана, оқушы, мұғалім Үштікодағы аясында өткен шаңырақтар  байқауы өз мәресіне жетті.
 Байқау барысында  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың және Абай Құнанбайұлының, Мұқағали Мақатаевтың, Біржан сал, Ақан сері, Мұхтар Шаханов, Шәмші Қалдаяқов және басқа да классиктердің халық әндеріне айналып үлгерген шығармалары көрермендер көңілінен орын алды.
Жобаға мектебіміздің 5-10 сынып шаңырақ ұжымы мен ата-аналардан құралған 20 топ өнер көрсетті.  Әділқазылар төрелік жасап, қорытынды шығарғанша, оқушы, мұғалім, ата-ана  ынтымақтасқан топтар «100ӘН» топтамасынан жанды дауыста әндер шырқады. Барлық қатысқан Шаңырақтарға алығысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!  Нәтижесі төмендегідей болды;
 «Бас жүлде» -  7 "М", 10 "А" сынып «Бөгенбай» шаңырғы
1 орын- 7 "Б", 10 "Г" сынып  «Мағжан Жұмабаев» шаңырағы
2 орын- «Сауран» , «Сарайшық» , «Ғабит Мүсірепов» шаңырақтары
3-орын – «Қ. Рысқұлбеков», « Бөкейхан» , «Күйші Дина» шаңырақтары марапатталды.